Өңім  бе  әлде  түсім  бе,

Мый  жетпейді  тегіне,

Сезім  соққан  мүсін  бе,

Періште  ме,  пері  ме?

 

Жұмақ  самал  өпкенде-ақ,

Ұмытасың  басқаны.

Неткен  нәзік,  неткен  пәк,

Ұялып  тіл  қатқаны.

 

Көңіл  ада  күдіктен,

Демі – дала  самалы.

Мұз  жүректі  жібіткен,

Шықтан  мөлдір  жанары.

 

Қабақта  қас  дамылдап,

Келбетінен  таң  атқан.

Қандай  шебер  табиғат,

Сұлулықты  жаратқан.