Арбайды  оттар 

жағада,

Ынтызар  оған

жоқ  біздей.

Тек  өзен  жатыр

 арада,

Қол  созым  жерден

 өткізбей.

 

Сен  дағы 

жұмбақ  сыр ашып,

Жанасың  жақын,

жырақта.

Қол  созым  жерде

тұрасың,

Жетпейді  қолым

 бірақта.

 

          ***

 

Балқытады

Көрік – күнді,

Батыс –

Жарты  шарайна.

Ерініңмен  өбіп  гүлді,

Тұрдың

Шомып  арайға.

 

Көгілдір  көк

Жанарыңнен,

Көкжиекке  күн  кірген.

Гүл – еріннің

Шанағынан,

Өбкім  келіп

Тұрмын  мен.