Өтіпті  уақыт  мініп  алып  құр  атқа.

Тау  шөгіпті,

                   айналыпты  қыратқа.

Өзгеріпті  адамдар  мен  қоғамдар,

Дана  халқым   өзгермепті  бірақта.

 

Жасыл  шөпті  жалмап  өтіп  бір  аптап,

Теңіз  көшіп  кетіпті  ауып  жыраққа.

Бетпақ  дала  қалыпты  үнсіз  безеріп,

Арман,  үміт  сарқылмапты бірақта.

 

Азалы  бір  үн  ұиялап  құлаққа,

Ел  көшіпті  отыра  алмай  тұрақтап.

Қаратауда  қаралы  көш  еңіреп,

Елім-айлап  ән  шығарған жылап  та.

 

Хандар  өтсе  ел  билемей  дұрыстап,

Алты  алашым  құйылғанай  құрыштан,

          Мәңгілікті  иығына  көтеріп,

Қазағымның  шаңырағын  тұр  ұстап.

 

Қанша  ғасыр  жатса  дағы  тұншығып,

Өркениет  жаңғырады  құлшынып.

Көктем  сайын  хауыз  жарып  бәйшешек,

Мәңгілікке  ұмтылады  тіршілік.

 

Дүниені  дүрліктіріп,  сән  құрып,

Маңдайымнан  иіскейді  таң  күліп.

Көк  төсіне  көк  байрағын  көтеріп,

Ынтымағын  сақтаған  Ел  - мәңгілік.