Шалшық  басты

Менің  жалғыз  аяғым.

Шалшық  басты

екі  аяқты  зайыбым.

Сол  ақ  екен,

 таппай  тыным,  саябыр,

Аттан  салдым, 

жиылмады  айылым.

 

Сол-ақ  екен, 

көтеріліп  ыстығым,

Қайдағы  бір 

жөтел  қысты  кеудені.

Таңқурайдың  тұнбасына

 бұқтырып,

Норсульфазол  қосып  тәуіп

 емдеді.

 

Соғыс  жылы, 

белден  батып  батпаққа,

Айлап  жаттым,

 айналам  от,  оқ  еді.

Кеңірдектен 

суға  батып  жатсақ  та,

Сырқат  түгіл, 

түшкірген  де  жоқ  едім.

 

Соғыста  мен 

жанды  бағып  жатпадым,

Тек  малақай

 судан  құрғақ  боп  шықты.

Қымбат  бұйым, 

от  пен  судан  сақтадым,

Малақайда 

темекі  мен  оттықты.