Білемін  жақсы,

Бітеді  бәрі,  бітеді,

Өтеді  көктем,  жаз  келіп  жеміс  піседі.

Құдірет  болсаң,

Тоқтатып  көрші  уақытты,

Тоқтатқан күнде,  қай  бақыт  бізді  күтеді?

Күз  басып  көкті,  жапырағың  жерге  түседі.

 

Өтеді  уақыт,

Өтеді  уақыт  қалай  да,

Қаңтардың  желі  себеді  қырау  самайға.

Болсақ  та  шешен,

Болсақ  та  көсем  қаншама,

Өмірдің  заңы  өктемдік  қылған  талайға.

Ол  сенің  мықты  болғандығыңа  қарай  ма?

 

Естілмей  әнің,  бітеліп  көмей  қалғанда,

Мұң  шақпа  бірақ,

Алдамшы  мынау  жалғанға.

Күзгі  суықта  қайта  гүлдеген  теңіздей,

Тағы  бір  гүлдеп  қалуға  тырыс,

                                                         арланба.

Бақыт  емес  пе,  жығылсаң  жетіп  Арманға?!