Жаралғансың  сен  оттан, 

                                        от  тұмарың,

Жаралғанмын  мен  судан,  жоқ  күмәнім.

Екеуміздің  тегіміз  қосылғанда,

Мөп-мөлдір  молекула  боп  тұнамын.

 

От  пен  Суға  табынған  Алаш  бабам,

Ата  жолдан  ұрпақпыз  адаспаған.

Мен  Сумын  тазартатын  пейілдерді,

Сен  Отсың  пәлекетті  аластаған.

 

Екі  полюс,

Қиыспас  ара  қылдай,

Не  жарылқап  немесе  ада  қылмай,

Қайрауменен  өтетін  бірін  бірі,

Ақын менен  әйелдің  одағындай.

 

Осы  сауал  санамда  шиырлаған,

Түсінісу  өзіңмен  қиын  маған.

Оттегі  мен  Сутегі  қауышқанда,

От  пен Суға   қауышу  бұйырмаған.