Қосылған  жастар!

Сендерге  менің  тілегім.

Сезімнен  ғана  шымырлай  білсін  жүрегің.

Татулық  болсын  тұнығы  текке  шайқалмас,

Ән  болсаң  бірің,

Күй  болып  қосыл  біреуің.

 

Біріңді  бірің  өкпелетуден  жырақ  бол,

Көл  болсаң  бірің,

Жайқалған  бірің  құрақ  бол.

Бірің  гүл  болсаң,

Самал  боп  сипа  біреуің,

Түн  болсаң  бірің,

Екіншің  жанған  шырақ  бол.

 

Аққу  болыңдар 

Айдында  жұбын  жазбайтын,

Асыл  болыңдар 

Ажарын  тотық  шалмайтын.

Адал  болыңдар 

Араға  күдік  салмайтын,

Адам  болыңдар

Атаның  жолын  жалғайтын!