Қос  аққу  көлге  біткен  секілді  едік,

Қоштастық  қанат  жайып,

                                            өкінбедік.

Екі  жол  әкетті  ертіп  екеумізді,

Бұралған  қос  бұрымың  секілденіп.

 

Жүйрік  жол  бір –бірімен  жарысады,

Үмітім  жетем  деген  алыс  әлі.

Жалғыз  қып  өрші  қалқам  бұрымыңды,

Жолдар  да  бәлкім  біздің  табысады.

 

Бұл  күнде  біздің  жағдай  қиын,  жаным,

Қинайды  сенің  жатқа  бұйырғаның.

Жолдар  да  адастырып  әурелейді,

Қиылып  қалды  ма,  әлде  бұрымдарың.