Ел  ұйқыда,

Жер  ұйқыда,  жоқ  алаң,

Аспан  бірақ  арылмаған  азадан.

Аспан  ­-- Соғыс  ардагері  төсіне,

Майдандастар жұлдыздарын қадаған.

 

Баспасын  деп  болашақты түнгі  ызғар,

Сақтасын  деп  зердесінде – ұл-қыздар.

Телміреді  төбемізден

Соғыста

Ерлікпенен  қаза  тапқан  жұлдыздар.

 

Жалын  жүрек  бомба болып  жарылып,

Болашаққа  қалдырыпты тамызық.

Дәл осылай  сөнген  жұлдыз  тұрады,

Миллион жылдар  жерге нұрын тамыз