Желкен  жайып,

Желкілдеген  үміттер.

Жер  шетіне

Аттанады  жігіттер.

 

Қиырларда  қалды  олардың

    Іздері,

Солар  деп  біл,  Қала  көрсең

     Түздегі.

 

Гүл  бітеді  олар  барса

      Қай  жаққа,

Дән  өседі  Олар  басқан

   Аймақта.

 

Мұнараның  көке  тіреп

     Төбесін,

Аттанады  құрылысқа

    Келесі.

 

Тірлікте  олар   пайыз  таппай

     Жүреді,

Жұмыс    тілеп  лүпілдейді

    Жүрегі.

 

Шарлап  жердің  бойлығы  мен

    Ендігін,

Байқамайды  өзі  істеген 

        ерлігін.

 

Бір  ерлікке  қол  жеткізу

     Арманы,

Қарапайым  іс  секілді

      Қалғаны.

 

-Құрылыста  болмайды –деп-

    Батырлық,

Мысқылдарын  миығына 

       жасырды.

 

Мен  Олардың  ерлігіне 

       сүйсініп,

Сезімімді  шымшылайды 

       түйсігім.

 

-Сендерменен  құрылысқа

           бір  кірмей,

Қалған  екем  көп  нәрсені

           үлгірмей.

 

Серілігім  салса  дағы 

         сергелдең,

Жастар!   Жастар!  Жете  алмаймын 

         сендерге.

 

Желкен  жайып

Желкілдеген  үміттер.

Жер  шетіне

Аттануда  жігіттер!