Жан  ізгі  жақсылықтан  жалыққан ба?

Жүрсе  де  қан  түкіріп  жорықтарда.

–Ассалаумағалейкум! - деп  бабамыз,

Ықылас  білдіріпті жолыққанға.

 

Жыртығын  жомарттықпен  бүтіндепті,

Жаушылап  келгендерге  кішірмепті.

Елшілеп  келгендерге:

 – Нұр  жаусын! – деп,

Аузынан ақ  ниетін түсірмепті.

 

Жалауын  жақсылықтың  құлатпаған,

Бабамның  ықыласы  қуат  маған.

Үніне  қосыламын, – Бар  әлемге

НҰР  ЖАУСЫН–

 Уа алейкумассалам!!!.