Достым   менің!,

Әрі  көршім,

Жақыным,

Тәтті  ұйқыға 

батқан  шығар  ақыры.

 

Жарты  түнде, 

ұйқым қашып  отырмын,

Терезесі 

сөнді  міне  досымның.

 

Ұйқысызбын!

Ұйқысызбын,

Отырмын  мен  түңіліп,

Шамы  сөнген 

терезеге  үңіліп.

 

Тек  терезе  артында, 

түн  түбінде,

Шылым  шоғы  морзянканың  тілінде

 

Қозданады.

Ұйқысыз  ғой  досым  да,

Маған  сірә     

SOS  жолдап  отыр  ма?

 

Мүмкін  ол  да

 таусылып  бар  шыдамы,

Жылап  отыр, 

іштен  шерді  шығарып.

 

Күрсінеді, 

қоса  жұтып, 

тұтығып,

Көз  жасы  мен 

темекінің  түтүнін.

 

Беруші  едік 

етімізден  ет  кесіп,

Бүгін  бірақ, 

қия  алмай  бір  өкпесін,

 

Бір  қатемді 

кешіруге  жарамай,

Жүндей  түтті, 

бет  жүзіме  қарамай.

 

Жетпес  пе  еді, 

дос  көңілмен  наз  айтса,

Лебізімен 

күнәмдәі  де  азайтса.

 

Бірақ  достым, 

жауымдай  боп  жұтынып,

Сойды -

Мені

Жон  терімді  сыпырып.

 

Тек  терезе  артында 

түн  түбұнде,

Шылым  шоғы 

морзянканың  тілінде,

 

Қозданады. 

Демек  менің  досым  ғой!

Қимай  мені, 

ұйықтай  алмай  отыр  ғой!

 

Аяғымды 

сұғып  жалғыз  кебіске,

Қарды  кешіп, 

жететіндей  жеңіске,

Досқа  жетем!

...Темекіден  татамыз,

Үнсіз  ғана  мауқымызды  басамыз.