Азанғы  түсіңді  қарамай –ақ,

Шығарып  саласың  жалаңаяқ.

Сен  мені  өмірде  ұмытпайсың,

Сен  маған  жалғанда  жолықпайсың.

 

Тәніңді  суықтан  қалқаладым,

Тәңірдің  қалауын  қайталадым.

Мен  сені  өмірде  ұмытпаймын,

Мен  саған  жалғанда  жолықпаймын.

 

Тоғанның  толқынын  инабатты,

Биржаны, 

тарихи  ғимаратты,

Мен  енді  ешқашан  ұмытпаймын,

Мен  бұған  ешқашан  жолықпаймын.

 

Жасаурап  шиедей  қарашығың,

Өшірді  үмітін, 

                     жан  ашыды.

Халықтың  ырымы  жоғалмайды,

Мен  саған  ешқашан  оралмаймын.

 

Ғафиздің  қабыл  боп  тілегі  де,

Қайтадан  оралсақ  бұл  өмірге.

Бәрібір  мен  қайта  жолықпаймын,

Мен  сені  өмірде  ұмытпаймын.

 

Түсінбей  өмірдің  бекерлігін,

Өкініш  өртеумен  өтер  күнің.

Болашақ  беймәлім  қалған  күні,

Ұғасың  жалғанның  жалғандығын.

 

Мағнасыз  шайқалып,

                            көк  түнеріп,

Бір  ұшқын  бүгіннен  жеткізеді.

«Мен  сені  өмірде  ұмытпаймын,

Мен  саған  жалғанда  жолықпаймын.»

 

 

 

          ***

 

Соңғы  ақынмын.

Түсінбей  қалып,

Демеңіз  - Ажал  жалмады.

Ақындар  тірі,

             күшінде  бәрі,

Байырғы  Ресей  қалмады.