Арайлы  таңдай  киелім,

Арманым  сенде  түледі.

Атыңды  әлемге  таратып,

Лүпіл  қағады  жүрегім.

 

Далам  дәуірмен  жарысып,

Қолыма   қонды ғарышың

Жастықтың  лаулатып  намысын,

Шыңдалды  шалқар  шабытым

 

Толқынын тежеп  Нұраның,

Бағымды  сенде  сынадым.

Көркіңе  қанбайтын  құмарым,

Теміртау  жасыл  жұмағым

 

           Қайырмасы.

 

Жадымда  жаңғырып,

Жанатын  мәңгілік,

Магнитка  менің  тағдырым.