Б.  Окуджаваға

 

Біздің  үйге  Булат  кірді,

Жауынгердей  жасанып.

Мүйіс – мүсін  бурлак  сынды,

Жыртқыш  еді  ол,

                                 жас  әрі.

 

Жалынгүлден  нұр  таратып,

Қыздай  жігіт  көрмеген,

Бибібейне* - гитарасы,

Жатты  алдында  көлденең.

 

Құйып  алған  шанағына,

Құпиясын  бақсының.

Шулы,  нулы  қаланы  да

Көрген  емес  жатсынып.

 

Мото  болып  дүбірлетіп,

Қапталынан  цирктің,

Жұртқа  жалын – үнің  жетіп,

Жынданып  бір  тыныпсың.

 

Сол  гитара  тұғырда  нық,

Өстік  сазын  құп  алып.

Құрбылардың  құбылмалы

Қылығына  шыдадық.

 

Сері  түнгі  серігің  де

Тыржияды.

Жылт  етіп

Сигарета  ерініңде

Бейне  бикфорд  пілтесі.

 

 

*Бибібейне – натурщица,

*Ербейне - натурщик