Күпірміз  біздер. 

Жүдетті  нәрі

Екеуміз  жеген  алманың.

Дуельмен  бітті  дуеттің  бәрі,

Ақында  сыңар  қалмады.

 

Тобырға  болған  кіріптар  күнің,

Бұзылсын  қатқан  қағидаң.

Некелеспейтін  туыстар  түгіл.

Достыққа  тиым  салынған.

 

Қараңғы  түннің  ақтамақ  әні,

Тәртіпке  симас  түс  мүлде.

Күнәсін   жердің  ақтап  алады,

Туғаның  соның  үстінде.

 

Жеңілдік  беріп  елік  мүсінге,

Салмақты  шықты  жырларым.

Әйелдің  ең  бір  көріктісін  де,

Құрбы  ғып  саған  силадым.

 

Парижді  салдым  табан  астыңа,

Тордағы  құсым,

                           киелі.

Өмірдің  ақтық  аманаты  да,

Еншіңе  сенің  тиеді.

 

Сәттерді  осы  сарылып  күттік,

Жеңістің  жырын  тыңдаймыз.

Қасіреттен  біз  арылып  біттік,

Қасиеттен  де  жұрдаймыз.

 

Төралқа  тұсы  орнымыз  біздің,

Түрмеде  емес,

                      ел  іші.

Тобырда,  бірақ,  торығып  жүрмін,

Жетіспей  жастық  желісім.

 

Жымиям. 

Жүрдім  армандай  еріп,

Адастырса  да  жол  бұраң.

...Үріп  ауызға  салғандай  еді,

Екеуміз  айтқан  сол  бір  ән.

 

 

            ***

 

Тәніңді  тіктің,  бетпе  бет  келіп,

Мен  талантымды  тігемін.

Межеде  тұрмыз. 

Жекпе  жектегі

Мергендігіңді  білемін.

 

Актерше  айтам:

-Ғашық  қайғым  ең,

Құрбаның  болам – бозқасқа.

Әйел  затымен  атыспаймын  мен,

Әиелдер  үшін -  

Сөз  басқа!

 

Сол  әйелді  мен  мүсіндеп,  пішіп,

Шілдеде  сүйгем  түнімен.

Жебесіз  атып  түсірмекпісің,

Бұлбұлдың  нәзік  үнімен.