Актердің  монологі

 

Сәтсіздік  бер  күтілмеген,

Дос  пен  дұшпан  сынасын.

Көрермендер  түтіп  жеген,

Кассиршалар  жыласын.

 

Премьерша, 

                  өктем  үнмен

Балағаттап, 

                 бос  жылап,

От  шығарсын  беттерімнен,

Трусиімен  осқылап.

 

Жанкүйерлер  ызаланып,

Бар  қойманың, 

                             өтінем,

Шіріп  кеткен  қызанағын,

Шашсын  менің  бетіме.

 

Сен   көрмеген  түсіңде  бір,

Сәтсіздігім  жасасын!

Онсыз  дағы  ішімдегі,

Итім  өліп  жататын.

 

Мектептегі  құлын-қыздай,

Түсік  тастап   тиылған,

Қайран   ғажап  туындым-ай,

Қыршынынан  қиылған.

 

Кешір  өмір. 

Жалақтайды,

Азалы  жан  аш  қалған.

Жетіскенім  жараспайды,

Жұрт  күйзеліп  жатқанда.

 

Бойжеткен  қыз,

                мөлдір  өңі,

Бақыт  сенің  теңдесің.

Жалғанның  бар  зеңбірегі,

Мені  ғана  көздесін.

 

Сәтсіздікке  төзіп  өлем,

Апатты  да  қайтарма!

Бар  пәлекет  меніменен,

Кетсін  түсіп  тартарға.