И.  Квашеға

 

Жалқы  сезім – қасіреттің  бір  тіні.

Топас  жандар  махаббатты  табалап,

Сирано  де  Бержерактың  күлкілі,

Кескініндей  көретіні  обал-ақ.

 

Бірде  менің  отандасым, «батырың»,

Театрда  ақтарды-ай  кеп  ақылын.

 

–«Сиранодан  не  таптың  сен,  ақымақ.

Мен  сақина  сұрап  алмай  басыма,

Өліп-өшпей  қатын  деген  шіркінге,

Басқа  бірін  тауып  алам  бір  түнде».

 

Мұң  ұялап  әйелінің  көзіне,

Шықты  шала  жесірліктің  пішіні.

Ал,  күйеуі, 

                   өзі  риза  өзіне,

Терісіне  симай  тұрды  ісініп.

 

Құлдығында  кеткендерге  нәпсінің,

Ашына  бар,

                  жоқ  сұлулық  қасиет.

Мен  де  сопы  емеспін  ғой, 

                                          тек  мұның,

Қасиетті  ұқпайтыны  қасірет.

 

Ұйқылы  ояу,  енжар  ғана  есінеп,

Құмарлыққа  ашылады  картамыз.

Бірақ  біздер,

                   жасырамыз  несіне,

Шын  сезімнің  киесінен  қорқамыз.

 

Содан  болар,

                    осалдығың  байқалып,

Әйел  десе  болып  алдық  көңілшек.

Сыбырласып  іште  жатқан  сайтаның,

Ұрынамыз  сезімдерге  жеңілтек.

 

–Мынау  қиын  мәселе –  деп  бауырым,

Көтермейміз  махаббаттың  азабын.

Соған  бола  жоғалтты  ма  дәуірім,

Айнымайтын  ғашықтықтың  ғажабын.

 

Жан  қинамау  үшін  тіккен  бастарың,

Арсыздықпен  табысады  қауышып.

Сираноның  сері – махаббаттары,

Әйелдерге  көшіп  кеткен  ауысып.

 

Нақсүйерлік  тазартпаса  қанынды,

Арсыз  сезім  сүйе-сүйе  ескірді.

Махаббаттар,  өртемеген  жаныңды,

Махаббат  боп  жарытпайды  ешкімді.

 

О,  Жасаған!

Лапылдатып  санамды,

Күйдір  мені  махаббаттың  дертіне.

Адалдық  пен  таңдандырған  ғаламды,

Мәжнүн  ғана  жеткен  жалғыз  сертіне.

 

Мұз   бен  жалын  бір  жүрекке  таласып,

Жеңісе  алмай  жабырқаған  жаным-ай.

Жыртық  көңіл  жағасында  адасып,

Махаббатқа  келем  әлі  жарымай.

 

 

  

             *** 

 

Айтқым  келеді  айтуға  болмайтындарды,

Көріп пе ең  отпен  ферзесіз  ойнайтындарды.

 

Ферзе  санамды  тұяқтар  өтсе  де  таптап,

Жеңілсем  – бақыт,  тәнімді  отпен  аластап.

 

Шырағдан  тәнің  алаулап,  лапылдап  жанып,

Өртеніп  кетсін  мына  түн,  жақында  жаным.

 

Бір  сенің  өртің  болса  егер  күнә  дегенің,

Көбелек  болып  отыңа  құлап  өлемін.

 

Азапта  тәнім  болса  да,  ләзатта  жаным,

Күпірлігімді  отпенен  аластағанмын.

 

Өртенді  Мадрид,  Токио,  Гульрипшилерің,

Бәрінде  соның  өртенді  сүйіктім  менің.

 

Сол  кәпір  жанған  алаудың  ұшқыны  тамып,

Өртеніп  кетсе  кедейдің  жұпыны  тамы,

 

Алланың  құлы  сол  пақыр  көрсе  де  көрді,

Қарғап  өтеді  кәпірді  өртегендерді.

 

Ақиқат  біреу,

Қатпасын  жарқыным  миың,

Үлкен  күнә  сол – өртесең  жақынның  үйін.