Оқта  ұлт  жоқ.

Ұлтсыз  қырт  көп...

 

Гитлер  тірі  жүр  әлі  бізге  берілмей,

Болады  оны  шал  деуге,  өрім  жас  деуге.

Ол  кейде – араб,  ол  кейде  ессіз  еврей,

Оклахомада  жүреді  кейде – Мәскеуде.

 

Көсем  болғысы  келеді  батып  күнәға,

«Қырыңдар»  дейді – қырады!

О,  сұмдық,

               осы  баскесер  болып  туа  ма,

Екінің  бірі,  егіздің  сыңары?

 

Сайран  салады  жын  әлі

Күрсініп  тұрар  көзімен  соны  көріп  күн.

Жиырмасыншы  ғасырдан

                              жылымшы  иіс  шығады,

Өліктің  иісі – газ  камерасындағы  өліктің!

 

Құлағына  зілді  дүбір  кеп,

Құдайға  қарап  аһ  ұрмай,

Табытта  жатыр  Ицках  Рабин  күбірлеп,

Ғажайып  жырын

                        жаза  алмай  кеткен  ақындай.