Бөліп  берме  бүтініңді  көпсініп,

Жер, 

      аспанды  түгелімен  бер  деймін.

Өзен  суын, 

                теңіз  бен  тау  көшкінін,

Бер  өзіме, 

             бөлшектеуге  көнбеймін.

 

Ұсағыңмен  өмір  мені  азғырма,

Иығым  тең,  есіркеме,  қорғама.

Жарты  бақыт  тілемеймін  тағдырдан,

Қайғыны  да  жарты  беріп  қорлама.

 

Біреу  ғана  менің  жарты  тілегім.

Ақпа  жұлдыз  жүзігіңмен  айтысып,

Ақ  мамықта  жатқан  ұйықтап  білегі,

Аяулымның  жастығының  жартысы