Сөзі. А.  Сурков.

                        Муз.  К.  Листов.

 

Мүлгиді  жертөле  жаралы,

Отырмыз  ошаққа  табынып.

Күрсінді  сырнайдың  шанағы,

Күлкіңнің  кәусарын  сағынып.

 

Сыбырлап  ұйқысыз  орманым,

Аңсаудан  таусылды  тағатым.

Жүректің  лүпілін  жолдадым,

Хат  қылып  қиялдың  қанатын.

 

Аспанды  ақ  түтек  көмкеріп,

Билейді  боранның  бұрымы.

Алыста  көз  тоймас  көркемім,

Алдымда  ажалдың  құрығы.

 

Жапанда,  жаураған  өлкеде,

Адасқан  арман  жүр  кешігіп.

Жылынды  жұпыны  жертөле,

Майдандас  махаббат  бесігі.