Қош  бол  достым! 

Қимасымсың  көз  көрген,

Сенің  бейнең  кеудемде  тұр  қамалып.

Тағдыр  бізді  екі  жолға  бөлгенмен,

Алдымызда  бір  кездесу  бар  анық.

 

Қош  бол  достым! 

Тілдеспей-ақ  қол  алып,

Қапаланба,  қабағыңа  сес  беріп.

Өле  білу  емес  бізге  жаңалық,

Өмір  сүру  бізден  қалған  естелік.