Сүйдім  сізді! 

Осы  сезім – бас  қайғым,

Жүрегімнен  өшпей  қойды  лаулап  тым.

Бірақ  сізді  мұңайтуға  батпаймын,

Енді  өзіңді  мазалаудан  аулақпын.

 

Үмітсізбін. 

Үнсіз  ғана  шыдайын,

Күдікпенен  қызғанышқа  төзгемін.

Құлай  сүйгем! 

Қисын  сізге  құдайым,

Дәл  осындай  махаббатын  өзгенің!