Күн  сүйіп  айдарынан,

                                         арман  есіп,

Барады  асыл  Нұра  алға  көшіп.

Қазақтың  арыстарын  әлдилеген

Қаратал,  бір  өзіңдей  бар  ма  бесік.

 

Сөзіне  Итікенің  ұйып  келген,

Айналдым  құт  дарыған  сүйікті  елден.

Мазары  Ағынтай  мен  Қарасайдың,

Көрініп  тұрады  кіл  биіктерден.

 

Белгісі  тектіліктің  қанда  ойнаған,

Білімнің  биігіне  самғайды  адам.

Телжанов  Сейділ, 

Болат  Әбдікәрім,

Ғалымдар  еңбегіне  таңдай  қағам.

 

Дән  егіп,

                бақ  өсіріп,

                                     малын  бағып,

Бұл  өңір  ұйя  болды  дарынға  анық.

Мыңбаев  Кәрім  десе  дүр  етеді,

Әлемнің  атышулы  ғалымдары.

 

Қайып  Айнабековтың  термесімен

Ауыздансаң  қалмайсың  ел  көшінен.

Ысқақов  Бүркіт  ақын  тақпақтары,

Өшпейді  бөбектердің  зердесінен.

 

Май  шыққан  түгін  тартсаң  тұрағым  бай,

Бұл  жерге  тең  келеді  жұмағың  қай.

Ақ  бидай  егістікте  тербеледі,

Арқаның  алтын  алқа – тұмарындай.

 

Нұраға  Парижден  де  атақ  еріп,

Арқары  Еділбайдың  жатады  өріп.

Бағзыда  Қараталға  ат  шалдырып,

Кетендей  Қызыр  баба  бата  беріп.

 

             ***

 

Теңізге  құия  ала  ма  жалғыз  арна.

Ағарып  сақал  шашым  алжығанда,

Жаңылып  Майқы  биден  қалған  сөзден,

Не  деймін  кейігі  жас – арлы  жанға.

 

Күдіктен,  пірадар  боп,  арылсам  да,

Ешкімді  жарамаймын  жарылқауға.

Ақсүйек  Ақсақалдар  арасында,

Жүремін  басым  дауда,  жаным  сауға.