Ақтарып  көр  тарихтың  ескі  затын,

Заманына  сыймаған  ешбір  ақын.

Есі  ауысқан  әңгінің  фаллосындай,

Біресе  ерте,

                      біресе  кеш  тұратын.

 

«Пәлен  ақын  дәуірдің  кешті  бағын,

Естіп  едім» -  дегеннің  кес  құлағын.

...Мен  әйтеуір  өзімнің  заманымнан,

Біресе  ерте,

                        біресе  кеш  туамын.