ӨМІР – ҚИМЫЛ   деді  көне  данышпан.

Қуат  алып  жылу  менен  жарықтан,

Күн  астында  қыбырлаған  тіршілік,

Бір  бірмен  үилесімін  табысқан.

 

ӨМІР – КҮРЕС  деді  революционер.

Мағынасын  тарихтан-ақ  біле  бер.

Тақтан  түсіп  билеушісі  бір  таптың,

Екінші  тап  үстемдікке  иегер.

 

ӨМІР – СОҒЫС  дейді  менің  түйсігім.

Бірін  бірі  өлтіруге  құлшынып,

Қан  төгіспей  бітіспейді  тіршілік,

Неткен  өмір.

                      Кетті  жаным  түршігіп.

 

 

            ***

 

Бір  атаның  ұрпағы  едік  келіскен,

Қиындықта  қара  нанды  бөліскен.

Ұлыс  болған,

                     ұлыт  болған  халықтар,

Бір  бірімен  жауласады  неліктен.

 

Россия  мен  Украина  құшқан  от,

Туыстықты  танымайды  ұшқан  оқ.

Қандастарды  қырқыстырған  өзара,

Фашизмде  нәсіл  де  жоқ,

                                                 ұлтта  жоқ