Кезімде  құштарлықтан  жалыққан,

Сезімге  шоқ  түсірдің  ғайыптан.

Көркіңе  көңіл  арсыз  көз  салса,

Жас  ару  бұйырмашы  айыпқа.

 

     Жеткенде  күзім  шалғайдан,

     Жолығып  едің  сен  қайдан.

     Иіскеп  сүйсем  маңдайдан,

     Кетпейді  дәмі  таңдайдан.

 

Бәрінде  түсінесің  ақылдым,

Самайды  қырау  шалған  жасырдым.

Күнәсіз  толқынына  шашыңның,

Кінәлі  саусағымды  батырдым.

 

      Қайырмасы

 

Жазғы  түн  торғын  шәлі  жамылып,

Тұр  аспан  жұлдыздарын  тағынып.

Жүректе  дірілдеген  бір  алау,

Болар  ма  келер  таңға  тамызық.