Қыс, 

Қайтесің  еліңе  ерте  барып.

Саған  құмар  кішкентай  ерке  халық.

Сырғанаудан  әлі  де  жалықпаған,

Қолшанасын  тұлпар  қып  ерттеп  алып.

 

Көктем  жетті  аяздың  құтханасын

Қақыратып,

                    енді  ептеп  қысқарасың.

Пәктігіңе  алайын  бір  шомылып,

Кәне  тағы  төгіп  сал  құсқанатын.

 

Қар  жауғанда  тамаша  қандай  ғалам,

Наурызшаға  тамсанып,  таңдай  қағам.

Алайыншы  бір  аунап  жұпарына,

Құлпы  киген  түлкідей  қарға  аунаған.