Бұл  жинақ  ақын  Қасым  Ботановтың,  75  жылғы  ой - толғауларының  жемісі  деуге  болады. Балалық  шағынан,  ана  тілінің  уызымен  ауызданған  Қасым,  орта  мектепті  орысша  бітіріп,  институтты  Қазан  қаласында  тәмамдаған.  Он  жеті  жылдай  Ресейде  тұрып  қалып,  ана  тілінен  қол  үзіп  те  кеткен кездері  болған.  Бірақ  сөз  патшасының  құдіреті  оны  қайта - қайта,  жастайынан  жазып  келе  жатқан,  өлеңге  оралтып  отырды.  Міне  бүгін  75  жылдық  еңбектің  есебін  беретін  де  уақыт  жеткендей. Ақын  өз  мамандығыменен  қатар,  өлеңге  де  төселіп,  шығармашылығын  шыңдай  түсті.  Бейнелеу  қабілеті  байып, ішкі  үні   ерекше  екпін  алып,  тақырыбын  жандандырып,  құлпыртып  шығаратындай  дәржеге  жетті.  Ол,  халықтың  ауыз  әдебетімен  қатар,  қазақтың  танымал  жазба  ақындарымен,  тіпті  орыс  пен  европа  әдебитінің  өкілдімен  де  жақсы   таныс. Қай  тақырыпты  алса  да,  оны  жақсы  біліп,  тіпті  түбегейлі   зерттеп  барып  жазады.  Сондықтан,  ақынның  ойы  орамды,  сөзі  сенімді. Табиғатта  бір  түрлі  ажарға,  толықсыған  түске  ие  болып,  бауырына  тартады.  Бәрі – бәрі  өз   бояу,  өз  көрік  кескінімен,  жүрегіңді  баурап,  бүйрегіңді  бүлкілдетіп,  ғажайып  бір  сезімге  бөлейді.  Бара – бара  қарапаым  көрніске  жан  бітіп,  көкрегіңнен  үйлесім  табады.  Ақынның  көзі  жіті,  құлағы  сақ, алпыс  екі  тамыры  өмір  ұшін  тынбай  лүпілдеп  тұр.  Сондықтан  да,  өлеңдері  өмірдің  өзінен  ойып  алғандай  әсер  қалдырады.  Адам  мен  ғалам,  халық  пен  қоғам  тақырыптары  ажырамастан  қатар  өріліп,    домбыраның  қос  ішегіндей  жарысып  жатады.  Бұның  өзі  ақынның  үлкен  парасат  иесі  екнін  білдіреді.             Тәлімді  творчествоны  ешкім  жатырқамайтыны  мәлім.  Қасым  Ботановтың  да  творчествосы  сіздің  жүрегіңізден  жылы  орын  алары  сөзсіз

  Құрметті  оқырмандар!  Бұрынғы  жарық  көрген  кітаптардың  тиражы  аз  болғандықтан  қолдарыңа  тимеген  болар.  Сондықтан  қолда  барды  жинақтап  /ептеп  икемдеп/  сайтқа  ұсынып  отырмын.  Пікірлеріңіз,  ұсыныстарыңыз  болса  қуана  қабылдаймын.

                                           Зор  ілтипатпен  Қасым Ботанов